ТОП новости

Теги

Башкортостан регионы России атака беспилотника Зеленский и Каллас Каллас в Киеве 241-я бригада теробороны Владислав Якеменко Купянск четырнадцатая поправка Truth social ЭНЕРГОПРОМ гигалуроновой кислоты Саша Дербенева интимная пластика многие зависит Алексей Конгро Александр Коц поездки в ОАЭ индекс потребительских цен страны Юго-Восточной Азии Росстат Августин Бетанкур Международный транспортно-логистический форум Андрей Никитин военная эскалация Андрей Марочко природоподобные технологии Михаил Ковальчук Курчатовский институт Александр Конев Исетские зори кишечная инфекция Каменский район Верховный суд РТ Комета Российская академия наук Солнечная система Конфликт Россия-Украина Балаш Уйвари Совет ЕС праздник Алые паруса жужжащий звук Тегобаск Радио Судного дня военная радиостанция УВБ-76 автоинспекторы ТОЛК-2026 эковесна Минэкологии РТ

Қазақстанның үш әуежайында жаңа терминалдар пайда болады: мерзімі аталды

20.12.2023 17:16
Опубликовано в Новости

2024 жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады, — деп хабарлайды Tengritravel.kzтілшісі.

Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 5-7 есе артады деп күтіледі.

"Келер жылы мынау әуежайларда жаңа терминалдар пайда болады: Шымкентте — наурызда, Қызылордада — мамырда және Алматыда — маусымда", — деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, 2024 жылы Астана мен Павлодарда ұшу-қону жолағын, Балқашта перрон мен такси жолағын қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Шағын авиацияны дамыту мақсатында бюджет қаражаты есебінен Балқаш, Үржар және Үшарал әуежайларында ұшу-қону жолағы жаңғыртылды, онда да жаңа аэровокзал салынды. Алдағы 2-3 жылда Балқаш және Үржар әуежайларын жаңарту көзделіп отыр, сонымен бірге Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Катонқарағай жаңа әуежайларын салу мәселесі қаралады.

Марат Қарабаевтың ақпаратына сәйкес, биыл 11 айда қазақстандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға артық. Бұл ретте әуежайлар 24 млн саяхатшыға (+25 пайыз), оның ішінде Алматы және Астана әуежайларына сәйкесінше 9 млн (+34 пайыз) және 7 млн жолаушыға (+26 пайыз) қызмет көрсетті. Сондай-ақ әуежайларда өңделген жүк көлемі 130 мың тоннаға дейін (+16 пайыз) ұлғайған.

var SVG_ICONS = ' ';