ТОП новости

Теги

экономический рост Декларация независимости Илия Топурия Ислам Махачев Ханде Эрчел судмедэкспертиза Команда будущего российская орбитальная станция Владимир Кожевников РКК Энергия нефтепроводы 62-летняя исполнительница пластические операции консервы лекция правительство Татарстана парламент татарстана DDoS-атака Саммит Россия-Африка Мадагаскар блокировка мессенджера Таганский суд Москвы Леонид Пасечник авиаудары Игбал Гулиев дефицит авиакеросина МГИМО Майк Уолтц Василий Небензя Колбико федпроект Производительность труда центр Пажетновых медвежата-сироты Земля Прайда Каменско-Днепровский муниципальный округ Великая Знаменка чёрные рефандеры Алла Храпунова Беспутин Арсланбек Махмудов Тайсон Фьюри Федерация бокса России Ильсур Метшин клинические рекомендации ненужные обследования магнитно-резонансная томография проблемы с сердцем Александр Мясников EIA доставка продуктов

Мас күйінде көлік жүргізген экс-депутатқа қатысты сот үкім шығарды

26.10.2023 18:10
Опубликовано в Новости

Ақтөбе мәслихатының бұрынғы депутаты Сәния Мұратоваға қатысты іс бойынша сот шешім шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімшілік сот үш рет шақыру қағазын жібергенімен Сәния Мұратова сот отырысына ешқашан қатыспаған. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция экс-депутаттың қайда жүргенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы Мұратованың қатысуынсыз шешімді оқыды.

"Сот қаулысымен Мұратова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізуші куәлігінен айырылды", – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың қыркүйек айында депутат Мұратованың жол қозғалысы ережесін екі рет бұзғаны хабарланған болатын. Бірінші жағдайда, ол көлікті жүргізіп келе жатып, қос тұтас сызықты кесіп өткен. Бір аптадан кейін, 20 қыркүйекте депутаттың көлікті мас күйінде басқарғаны жазылған.

var SVG_ICONS = ' ';