ТОП новости

Теги

Келешек мектептері Москва-Сити Байболсын Бисенов Алмас Тнебаев электроскейтборд ВВС Стеклотара Дарданеллы жестовый перевод жестовый язык MEGOGO нарушитель ПДД многомиллионые штрафы товаропроизводители Против коррупции возврат налогов уплата налогов Департамент государственных доходов ущелье Горельник отношение к природе экотуризм отстрел сайгаков контроль популяции правовой институт Таможенный союз подстанция закрытие организаций навязывание сборов цифовой формат данные школьников удостоверение личности Караганды Су управление городского планирования Сейфуллина Тимирязева сорокаэтажное здание утверждение планов управление пастбищами авторское право снимки расширение перечня комментарий Минторговли маркировка товара принятие законопроекта инвестпроект спортивная гимнастика посмертное донорство оплата услуг очереди Дархан Жазыкбай

Шымкентте 5 жасар балаға азғындық жасаған педофил 20 жылға сотталды

28.05.2024 04:21
Опубликовано в Криминал

Оқиға 2023 жылғы қараша айында болған.

Оқиға 2023 жылғы қараша айында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам аулада ойнап жүрген баланы гаражға алдап апарып, киімін шешкен. Оның бұл әрекетін көршілер байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Ер адам оқиға орнында ұсталған, деп жазды Kazinform.kz.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Алайда сот отырысында ол өзіне қысым көрсетілгендіктен қылмысты мойындағанын айтқан.

"Қысым көрсету бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірақ ешқандай факт расталмады. Оның үстіне психологиялық-криминалистикалық сот сараптама жүргізіліп, жауап алу кезінде ол видеоға түсірілгені, онда ешбір қысым көрсетілмегені анықталды. Сот оны адвокатының қатысуымен өз еркімен жауап берген деп таныды", — деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья Әбинұр Қарабаев.

Сот материалдарына сәйкес оның кінәсі дәлелденіп, оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағымен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы рецидивист үкіммен келіспеген және апелляциялық шағым түсірген.

Сурет: pixabay

var SVG_ICONS = ' ';