ТОП новости

Теги

Келешек мектептері Москва-Сити Байболсын Бисенов Алмас Тнебаев электроскейтборд ВВС Стеклотара Дарданеллы жестовый перевод жестовый язык MEGOGO нарушитель ПДД многомиллионые штрафы товаропроизводители Против коррупции возврат налогов уплата налогов Департамент государственных доходов ущелье Горельник отношение к природе экотуризм отстрел сайгаков контроль популяции правовой институт Таможенный союз подстанция закрытие организаций навязывание сборов цифовой формат данные школьников удостоверение личности Караганды Су управление городского планирования Сейфуллина Тимирязева сорокаэтажное здание утверждение планов управление пастбищами авторское право снимки расширение перечня комментарий Минторговли маркировка товара принятие законопроекта инвестпроект спортивная гимнастика посмертное донорство оплата услуг очереди Дархан Жазыкбай

Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды

14.05.2025 06:29
Опубликовано в Актуально

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасымен Абай облысы әкімдігінің жанынан жұмыс тобы құрылып, үлескерлерді қолдау орталығы ашылды.

Құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері кірген жұмыс тобы өңірде заң бұзушылықпен салынып, сонымен бірге азаматтардың қаржыларын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартқан құрылыс компаниялары бойынша өз ұсыныстарын айтатын болады. Семей қаласындағы Селевин көшесі 12 "б" мекенжайында орналасқан орталық үлескерлерге заңдық тұрғыдан көмек көрсетеді. Бұл туралы Абай облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайлау Байназаров мәлімдеді.

"Мұнда үлескерлер өздерінің келісімшарттарын әкеліп, тіркеуге болады. Ол тіркеу не үшін керек? Әрбір үлескердің мәселесін жеке-жеке қарастыру үшін қажет. Егер біздің қолымызда келісімшарттардың құжаттары болмаса, азаматтардың тұрғын үйге қаржысын салған-салмағанын дәлелдейтін фискалды түбіртектері болмаса қалай қарастырамыз? Тұрғындар келісімшарттарын орталыққа тіркеген кезде заңды тұрғыда қарай аламыз", — деді басқарма өкілі.

Басқарманың мәліметінше, 2022-2024 жылдары Семей қаласында ондаған көп қабатты үй рұқсатсыз салынған. Бұл тұрғын үйлерге қазіргі кезде 547 үлескердің өз қаржыларын салғаны анықталды. Сайлау Байназаровтың айтуынша, үлескерлердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бұл мәселені облыс әкімі жеке бақылауында ұстап отыр. Әкімдік пен басқарма өкілдері үлескерлермен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, ашық диалог құруға дайын.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

var SVG_ICONS = ' ';